22.11.2021, 21:18
Жаңалықтар
Көкшетау тұрғыны қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Зардап шеккендер қаржы нарығында заңсыз қызметпен айналысқан компанияға криптовалютаға ақша салғаны анықталды
Көкшетау тұрғыны қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық етуге күдікті болып шықты.
Зардап шеккендер қаржы нарығында заңсыз қызметпен айналысқан компанияға криптовалютаға ақша салғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-бөлігі (Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
22.09.2026, 23:19
Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынып, айыппұл төледі