$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазгидромет» үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді

«Қазгидромет» үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: "Егемен Қазақстан"

«Қагидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10-нан 18-23 аязға дейін, күндіз 5 аяздан 5-15 аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз–3 жылу, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 аяз–3 жылу, күндіз 9-17 жылу», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары