Ал жұмыс күні 6 сағат болады
Финляндияның премьер-министрі Санна Марин мемлекетте 4 күндік жұмыс аптасы мен 6 сағаттық жұмыс күнін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lifter.com басылымына сілтеме жасап.
«Менің ойымша, адамдар отбасымен, жақындарымен көп уақыт өткізуі керек, сонымен қатар уақытын өзінің сүйікті ісіне немесе өмірдің маңызды аспектілерін жұмсауы тиіс», - дейді Марин.
Қазіргі таңда финдердің жұмыс аптасы бес күннен тұрады, ал жұмыс күні 8 сағатқа созылады.
Премьер-министр 6 сағаттық жұмыс күнін сынақ мерзімінде жүзеге асырып көруді ұсынды.
Білім министрі Ли Андерсон бұл идеяны қолдайтынын жеткізді.