Барселона орталығында көлікпен жүруге тыйым салынды
Ал қоғамдық көліктердің жылдамдығы 10 км/сағ-тан аспауы керек
Испанияның ең ірі қалаларының бірі Барселонаның орталығында көлік қозғалысына тыйым салынды, ал қоғамдық көліктердің жылдамдығы 10 км/сағ-тан аспауы тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«Барселона орталығында балалардың дауысы мен құстардың ән салғаны ғана естіледі. Бұл жерлердегі бұрынғы автотұрақ орындары ойын алаңдарына, жүгіру жолдарына айналды, сонымен қатар ағаштар отырғызылды», - деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, қала орталығында тұратын тұрғындардың автотұрағы жер астына көшірілген.
«Қала билігінің айтуынша, Барселонада қоғамдық орындардың 60 пайызын автокөліктер алып тұр. Ал көліктердің қозғалысына шектеу қою тұрғындары зиянды газдан қорғап қана қоймай, осы проблемамен күресуге де көмектесе алады», - деп жазады автор.