$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 3620 адамды кене шаққан

Оның 1248-і – 14 жасқа дейінгі балалар

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 3620 адамды кене шаққан
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері төрт мыңға жуық адамды кене шаққан, деп хабарлайды ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылы өңір бойынша 3620 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 1248.

«Сондай-ақ кене энцефалиті мен иксодты кене боррелиозы табылған 20 азамат ауруханаға жатқызылды. Стационар жағдайында ем-дом қабылдаған олар толықтай жазылып шыққан. Кене энцефалитімен сырқаттанғандар негізінен Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді», - делінген ақпаратта.

Өткен жылмен салыстырғанда кене шаққандар саны 4,6 пайызға азайған. Профилактикалық мақсатта кене энцефалитінің вирусына қарсы иммуноглобулин 2943 адамға салынған.

Серіктес жаңалықтары