Қазақстан Статимен дауды жеңді – Әділет министрлігі

Azattyq Rýhy

Апелляциялық сот төменгі сатыдағы соттың 530 миллион АҚШ долларын құрайтын төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің толықтай күшін жойды

Молдова олигархтары Анатол мен Габриель Статиді («Стати») жауапқа тарту үшін ұзақ күресте Қазақстан Республикасы түбегейлі жеңіске жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы 16 қарашада Бельгияның Апелляциялық соты Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар, ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырды деген шешімді шығарды. Соттың пікірінше, бұл алаяқтық схема төрелік соттың жауапкершілік пен шығындарды өтеу мәселелеріне қатысты қорытындыларына тікелей әсер еткен. Соның негізінде Апелляциялық сот төменгі сатыдағы соттың 530 миллион АҚШ долларын құрайтын төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің толықтай күшін жойды.

«Брюссель апелляциялық сотының шешімі Статидің бұдан былай өзінің алаяқтық әрекеттерін тексеруден қашып құтыла алмайтынын көрсетеді. Жалған құжаттар негізінде Стати адастырған Швециядағы соттардан Брюссельдің апелляциялық сотының айырмашылығы, арбитраждық шешім қабылдаған кезде Статидің алдауы мен алаяқтығын көрсететін жаңа маңызды дәлелдер алуы болды.

Арно Нуитс, Бельгиядағы Қазақстан мүдделерін қорғайтын бас заң кеңесшісі және Liedekerke Дауларды шешу бөлімінің басшысы түсіндіруі бойынша: «Сөзсіз, алаяқтық туралы дәлелдердің көбеюі және оның төрелік шешімге әсері шынымен де үлкен және бұл соттар осындай алаяқтыққа назар аударып, заңды салдарға әкелуіне жай ғана уақыт мәселесі болды. Брюссельдің апелляциялық соты істің барлық материалдарын мұқият тексерді. Осы негізде ол төрелік шешім алаяқтық арқылы алынды және жалған деп танылған дәлелдемелерге негізделген деп тұжырымдады, сондықтан оны танудан және орындаудан бас тарту керек», - делінген министрлік хабарламасында.

Осы жаңа жеңіспен Қазақстан Республикасы заң үстемдігі мен қазақ халқының мүддесін қорғауды жалғастырады. Барлық Стати тараптарына, сондай-ақ Дэниел Чапман және оның Argentem Creek компаниялар тобы сияқты сыбайластары қатысқан, бүкіл іске әсер ететін бухгалтерлік есеп алаяқтықтығы және ақшаны жымқыруы ауыр қылмыс болып табылады. Әсіресе, сот жүйесін заңсыз мақсатта пайдалануға жол бермейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.