«Анам түсіме жиі кіреді»: «Алдараспан» актері марқұм анасына деген сағынышы жайлы айтып берді

Azattyq Rýhy

«Мені жылатқан 11 сұрақ». Актерлер ата-аналары жайлы әңгімелеп берді

Елімізге белгілі театр актерлері – Қанат Садықбеков, Нұржан Ізтаев, Гүлзада Айтпаева, Шәкен Амантұров, Жадыра Сейдахметова YouTube арналарының бірінде ата-анасы жайлы айтып, өмірінде жіберген қателіктері туралы сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Анам менің 20 жасымда қайтыс болып кетті. Көрген түстей, есеңгіредік те қалдық. Ол кісі мені қатты жақсы көретін. Содан бері анам түсіме жиі кіреді. Ол ар жақта жатса да перзентін сағынатыны сөзсіз. Біз де сағынып жүрміз. Ананың орны бөлек. Көзі тірі кезінде үйленіп, балалы болсам да кішкентайым екеуімізді қосып еркелететін. Сағыныш деген өте қиын екен, кейде өзімді қоярға жер таппай кетемін. Бір күні қайтып келетін сияқты болады да тұрады. Кейде алдымнан шығып қалатын сияқты күйде жүремін. Ес білгелі оқуға түсіп, жиі сапарлап жүрдім. Әлі сол сапарлап, ал анам үйде күтіп отырған сияқты», - дейді Нұржан Ізтаев.

Сөзін жалғай отырып, ол әкесі жайлы да қозғап өтті.

«Әкемнің жасы 70-ке келіп қалды. Бүгінге дейін жуындыр деп айтқан емес. Бірақ шашын алып беремін. «Балам шашым өсіп кетті» дейді. Ұстарамен шашын алып беремін. Ешкімге алдырмаймын, өзім ғана аламын», - дейді «Алдараспан» актері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.