16.11.2021, 16:33
Жаңалықтар
Қазақстанда ауызсу мәселесі шешілмеген өңірлер анықталды
Республика бойынша барлығы 6 316 ауыл бар
«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша әлі шешімін таппаған ауызсу мәселесіне көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауыл халқын ауызсумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен екенін мәлімдеді.
«Олар Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары. Ауызсумен қамту деңгейі 3 өңірде Атырау (98,5 %), Алматы (98,3 %), Қызылорда (97,6 %) облыстарында жоғары», ˗ дейді министр.
Республика бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.
Ал 1 922 ауылдың ауызсу мәселесі толық шешім таппақ жоқ.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)