Apple сөмке тексеруге кеткен уақыт үшін қызметкерлерге миллиондаған доллар төлейтін болды

Azattyq Rýhy

Қызметкерлердің ұжымдық талабы бойынша төленетін сома - 29,9 млн доллар

Фото ашық дереккөзден

Американдық Apple компаниясы қызметкерлердің сөмкелерін тексергені үшін оларға 29,9 млн доллар төлейді. Компания 2013 жылы қызметкерлерінің Ұжымдық сотқа түсірген шағымына оң жауап берді. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Apple-ға тиесілі 52 калифорниялық дүкеннің 14 683 қызметкері компанияның мемлекеттік заңды бұзғаны туралы сотқа жүгініп, адамдардың қауіпсіздік мақсатында сөмкелерін тексеруге кететін уақытына ақы  төлемегені үшін шағымданған еді.

Apple бұл тексерулердің қызметкерлер электрондық құрылғыларды ұрламағанына көз жеткізу үшін қажет деп санайды. 2015 жылы судья талап арызды қабылдамады, бірақ 2020 жылы апелляциялық сот жұмсалған уақытқа ақы төлеу керек деп шешті.

Талапкерлердің адвокаттары АҚШ-тағы федералды судьяға татуласу туралы келісімді мақұлдау үшін жүгінді. Ол бойынша жүгінгендердің әрқайсысы 1286 доллардан алды. Компания әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.