$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде бір тәулікте СOVID-19 бен пневмониядан 32 адам қайтыс болды

Аса ауыр халде 139 науқас жатыр

Елімізде бір тәулікте СOVID-19 бен пневмониядан 32 адам қайтыс болды
Фото: azh.kz

Қазақстанда 10 қарашада коронавирустық инфекциядан (КВИ+) және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ден 28 адам, коронавирустық пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 12 377 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан және теріс ПТР тестінен 5084 адам қайтыс болды.

11 қарашада коронавирустық инфекцияның 1 260 жаңа жағдайы анықталды. Бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 ауруының 954 146 жағдайы тіркелді, 910 246 адам емделіп шықты.

10 қарашада COVID-19 белгілері бар пневмонияның 152 жағдайы және теріс ПТР-тесті тіркелді, 206 адам сауығып шықты. Республикада коронавирустық пневмониямен барлығы 80 905 жағдай анықталды, 70 696 адам жазылып шықты.

12 қарашада COVID-19-дан 36 648 адам (31 523 КВИ+ және 5 125 КВИ-) емделіп жатыр. Стационарларда 6 542 пациент, амбулаториялық деңгейде 30 106 пациент бар.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 472 науқас;
  • аса ауыр халде – 139 науқас;
  • өкпені жасанды желдету аппаратында – 86 науқас.
Серіктес жаңалықтары