$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2020, 09:47
Жаңалықтар

Боран соғып, көктайғақ болады: 5 қаңтарға ауа райы болжамы

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Боран соғып, көктайғақ болады: 5 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: sputniknews.kz

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, жел күшейетінін хабарлады. Оңтүстікте жауын-шашын болып, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады деп болжайды.

«5 қаңтар күні Түркістан облысында тұман және көктайғақ болады. Шымкентте тұман, Түркістанда түнде және таңертең көктайғақ. Қостанай облысында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында тұман және көктайғақ», - деп хабарлады Қазгидромет.

5 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда желдің жылдамдығы - 5-8 м/с, ауа температурасы күндіз минус 2-4, түнде 5-6 градус нөлден төмен.

Алматыда жауын-шашынсыз болады. Күндіз 0-1 градус, түнде 5 градус салқын.

Шымкентте жауын жауады. Күндіз плюс 4-5 градус.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, түнде және таңертең желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Тұман болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын.

Алматы облысында тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болады.  

Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы