$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында жыл соңына дейін алты мектеп пайдалануға беріледі

Бұдан бөлек, 137 мектепті қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Алматы облысында жыл соңына дейін алты мектеп пайдалануға беріледі
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында жыл соңына дейін тағы 6 мектеп пайдалануға беріледі. Жыл басынан бері облыста жоспарланған 17 мектептің 5400 орынға арналған 12-сі пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Алматы облысы әкімінің баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

Қолданысқа берілген мектептердің 6-ауы – жекеменшік. Жыл соңына дейін тағы да 6 білім ошағы қолданысқа берілді деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, 137 мектепті қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

«Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін және «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы аясында бейімделген мектептердің орнына біз 115 мектеп салуға тиіспіз. Бұл мақсатқа қазынадан 11,3 млрд теңге қарастырылған»,- деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Мектепке дейінгі білім беру саласына келсек, жыл басынан бері 9 590 орынды 135 балабақша ашылды. Облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту бойынша жоспарланған көрсеткішті 99,9 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд теңге қарастырылған.

Жалпы облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңге болса, оның 34,3 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. 2022 жылы облыста мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 пайызға жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары