$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарашаның соңына дейін өңірлерге қосымша 487 мың тонна көмір жеткізіледі – ИИДМ

Энергия өндіруші кәсіпорындарға шамамен 48 млн тонна көмір жеткізіледі

Қарашаның соңына дейін өңірлерге қосымша 487 мың тонна көмір жеткізіледі – ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде әкімдіктердің, көмір өндіруші компаниялардың және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету жағдайы қаралды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ИИДМ-нің жедел деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 88 млн тоннаға жуық көмір (көмір концентратын қоспағанда) өндірілді. Бұл өткен жылғы деңгейден (100,2%) жоғары.

«Көмірді елдің ішкі нарығына жөнелту көлемі де жоспарлы көрсеткіштерден асып түседі. 2021 жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша жылыту маусымының жалпы жоспарына (2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін) қатысты өңірлердің көмір қорымен қамтамасыз етілуі: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер - 97,1%; тұрғындар - 92,6% (жергілікті атқарушы органдардың деректері) құрады.

Энергия өндіруші кәсіпорындарға шамамен 48 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 7,6 млн тоннадан астам көмір тиелді. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ өңірлерге көмір жеткізу жоспары басым негізде орындалатынын және көмір разрездерінен түсетін өтінімдер ұлғайса, қажетті ашық вагондармен қамтамасыз етуге өзінің дайын екенін растады», - делінген ведомство хабарламасында.

Кеңес барысында Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары үшін көмірді жөнелту жоспары пысықталды. Осы өңірлердің әкімдіктері тұрғындардың көмірге қажеттілігін қамтамасыз етуді уақтылы бақылайды. 

«ҚР ИИДМ бастамасымен және өндірушінің қолдауымен қараша айында өңірлерге көмір жеткізу көлемі 487 мың тоннаға ұлғайтылады. Халық арасында үлкен сұранысқа ие Шұбаркөл көмірінің 240 вагоны өңірлерге күн сайын қосымша жөнелтіледі», - деп жазды министрлік.

Серіктес жаңалықтары