Abu Dhabi Plaza құрылысы қашан аяқталады?
Ол – Орта Азиядағы ең ірі кешендердің бірі
Abu Dhabi Plaza құрылысы 97 пайызға аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Abu Dhabi Plaza» нысанында қазір құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Орындалған жұмыстың жалпы көлемі – 97%-дан асады. 2021 жылдың соңына дейін сыртқы жұмыстарды (қасбет және конструкция) толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары ары қарай да жалғаса береді», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, «Abu Dhabi Plaza» – Орта Азиядағы ең ірі кешендердің бірі. Ол жалпы аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.