$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап егіледі

Балаларына екпе ектіруге ата-аналардың 20% дайын

Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап егіледі

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінгі күні емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.

«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге (16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді»,- дейді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын еске салды.

«Балаларына екпе ектіруге ата-аналардың 20% (30 мыңнан аса) дайын. Екпеге дейін де, кейін де балаларды дәрігер тексерісінен өтуі тиіс. Екпеден кейін бала басқа мекемеге ауыстырылады. Жарты сағат ол мекемеде балаларды басқа дәрігер бақылап отырады», - деді Қалықова.

Айта кетейік, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары