«Айқын-Литер» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бақытжан Тұрлыбеков бұған дейін «Elorda Aqparat» ЖШС ұжымын басқарды

«Айқын-Литер» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

«Nur Media» холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Жаңа басшы болып Бақытжан Тұрлыбеков тағайындалды. Бұған дейін ол «Elorda Aqparat» ЖШС директоры қызметін атқарған.

Болат Кальянбеков бұрынғы басшы Нұрай Оразовқа алғысын білдірді. «Айқын» мен «Литер» газеттерін біріктіру жұмысы Нұрай Оразов басшылық еткен уақытта іске асырылды. Қазіргі кезде басылымдар оқырман арасында беделін және көлемді тиражы мен коммерциялық тартымдылығын сақтай отырып, еліміздің жетекші БАҚ-тарының бірі болып отыр. AIQYN, «Литер», Turkistan газеттерінің сайттары тәуелсіз БАҚ ретінде жұмыс істеуде.

Болат Кальянбеков жаңа басшыны таныстыра отырып, Бақытжан Тұрлыбеков еңбек жолын О. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде психолог болып бастағанын атап өтті. Оның Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегенін, NewTimes.kz, Sn.kz, ақпараттық агенттіктерін және «Корреспондент» газетін басқарғанын айтты.

Бақытжан Тұрлыбеков «Qazaq Epos» қоғамдық қоры жүзеге асырған «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық ағартушылық жобасын өткізудің бастамашысы болды.

Холдингтің бас директоры бүгінгі таңда ЖШС-ның газеттері мен сайттарының алдында маңызды міндеттер тұрғанын ерекше атап өтті. Газеттердің таралымын, сайттардың жоғары рейтингтерін және қаржы көрсеткіштері мен БАҚ-тың рентабельділігін сақтау қажет. Партиялық масс-медиа қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, олар бойынша кері байланыс беруі тиіс. Осының барлығы «Айқын-Литерге» келген жаңа басшының тиімділігінің басты көрсеткіші болмақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.