Елімізде жыл басынан бері 300-ге жуық адам өрттен қаза болды

Azattyq Rýhy

Өрт кезінде қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсті

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ОКҚ алаңында өткен жиында өрт жайлы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің бөлімшелер күн сайы түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 100-150 рет хабарламаға шығады. Елімізде жыл басынан бері 10 айда 9 мыңнан астам өрт болды. Онда жарақаттанғандар саны – 358 адам, қаза болғандар – 297 адам. Ал 4 394 адам құтқарылды», - деді Н.Дербісов.

Оның айтуынша, жалпы, өрт көлемі 8%-ға, тұрғын үй секторындағы өрт көлемі 13,6%-ға төмендегені байқалады.

Ол өз сөзінде өрт кезінде қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.