$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 28 науқас көз жұмды

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 558 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 28 науқас көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 7 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 25 адам қайтыс болды.

7 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (–35 586 + және 5 364 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 558 адамның жағдайы ауыр,

- 142 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 5 қарашадағы мәлімет бойынша 145 жаңа жағдай тіркелді, 145 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 80 329; 

- өлім жағдайы – 5 068;

- барлығы 69 897 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары