ДДСҰ: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп барады

Azattyq Rýhy

Өкінішке қарай, өлім-жітім саны да өскен

Фото ашық дереккөзден

Соңғы уақытта дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп, өлім-жітім саны артқан. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді.

ДДСҰ Басшысының айтуынша, әлемде апта сайын коронавирус індетінен 50 мыңнан астам адам қайтыс болады. 56 мемлекетте вирустан қайтыс болғандар 10 пайызға көбейген.

«Коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар шығып, халықты жаппай егу науқаны басталғалы біраз уақыт өтті. Бірақ осыған қарамастан әлемде қайтыс болғандар қарасы қайта артып отыр. Жұқпалы дерттен соңғы уақытта апта сайын 50 мыңнан аса адам қайтыс болып жатыр. Ал көз жұмғандардың жалпы саны 5 миллионнан асты. Сондықтан індетпен күресте тоқмейілсуге болмайды», - деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.