Астанада екі күнде 200-ден астам жол апаты тіркелді
Жол-көлік оқиғасынан кейін полицияға хабар бермейтін кездер де болып жатады
Елордада өткен екі тәулік ішінде 217 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz
Астананың полиция департаменті жолдарда өте мұқият болуды, ауа-райының әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің нашарлайтынын ескертті. Көктайғақ кезінде маневр жасаудан аулақ болып, көлік арасындағы қашықтықты сақтау керек.
Елорда аумағында күн райының суытуына және жауын-шашынның түсуіне байланысты апат саны күрт өсті. Тек өткен екі тәулік ішінде 217 ЖКО тіркелді.
Мәселен 2 қарашада 23 жастағы жүргізуші С.Сейфуллин көшесінде көктайғақ салдарынан қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. Онда қоғамдық көлікпен және автокөлікпен соқтығысты. Нәтижесінде бірнеше адам зардап шекті.
Жол-көлік оқиғасынан кейін полицияға хабар бермейтін кездер де болып жатады. Жыл басынан бері елордада 3000-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жүргізушілері оқиға орнынан кетіп қалған.