03.11.2021, 09:13
Жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды
Елімізде 44 412 адам коронавирустан емделіп жатыр
1 қарашада коронавирустан (КВИ+) 19 адам, сол сияқты жеті науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
3 қарашада КВИ-ден 44 412 адам (38 806+ және 5 606 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 7 982 пациент, амбулаториялық деңгейде –36 430 пациент.
Науқастар ішінде:
- ауыр халде – 528 пациент,
- аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 164 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 109 пациент.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 312 жаңа жағдайы тіркелді. Ал 2589 науқас ковидтан емделіп шықты.
Көп оқылған
24.07.2026, 16:40
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім жариялады
24.07.2026, 11:51
Екі сағатта 75 рет қоңырау шалып, 35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық мәлімет жария болды
24.07.2026, 13:17
Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»