$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады

Ипотеканы мақұлдағаннан кейін, кепіл шарты және сатып алу-сату шартын ресімдеу автоматты түрде жүргізіледі

Елімізде «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады
Фото: Wfin.kz

Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, осы жылдың қараша айында үйден шықпай құрылыс салушыдан онлайн форматта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің хабарлауынша бұл процесс, құрылыс салушының платформасын және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы құрылыс салушының сайтында тұрғын үйді таңдауды, ипотека алуды автоматты тексеруін қамтиды.

«Ипотеканы мақұлдағаннан кейін, кепіл шарты және сатып алу-сату шартын ресімдеу автоматты түрде жүргізіледі, мәміле тараптарымен қол қойылады және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына тіркеуге онлайн форматта жіберіледі.

Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс салушының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі», - делінген Әділет министрлігі хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары