Қазақстанда өткен жылдың тамызынан бері бес мыңнан астам адам пневмониядан қайтыс болды
Қазақстанда COVID-19-дан 45 777 адам емделіп жатыр
Қазақстанда 31 қазанда коронавирустық инфекциядан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
КВИ-ден 19 адам, ал коронавирустық пневмониядан алты адам қайтыс болды.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 12 133 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5 042 адам қайтыс болды.
1 қарашада коронавирустық инфекцияның 1 181 жаңа жағдайы анықталды. Сол сияқты Қазақстанда COVID-19 ауруының 941 793 жағдайы тіркелді, ал 889 558 адам емделіп шықты.
31 қазанда COVID-19 белгілері бар пневмонияның жеті жағдайы және теріс ПТР тесті тіркелді, 25 адам жазылып шықы. Республикада барлығы 79 659 коронавирустық пневмония жағдайы анықталды, 68 942 адам сауығып шықты.
Қазақстанда 2 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-дан 45 777 адам (КВИ+ 40 102 және КВИ- 5 675) емделіп жатыр. Стационарларда 8 268 пациент, амбулаториялық деңгейде – 37 509 пациент бар. КВИ+ және КВИ- науқастары арасында:
- ауыр халде – 540 пациент;
- аса ауыр күйде – 171;
- өкпені жасанды желдету аппаратында – 110.