$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматылық полицейлер 484 жезөкшені ұстап, 15 притонның жұмысын тоқтатты

Қыздардың көбі шетел азаматтары

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон жойылып, 500-ге жуық жезөкше анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақшалай сыйақы алу үшін интимдік қызмет көрсететіндердің заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында демалыс күндері полиция қызметкерлері жезөкшелер үйін анықтады. Ол Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасты.

«Жыл басынан бері осындай 15 орын анықталды, олардың иелері қасақана жезөкшелікпен айналысуға мекеме бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, интимдік қызмет көрсеткен 484 әйелге әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігі қиын қаржылық жағдайларының кесірінен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты. Негізі, ішімдік ішіп, қоғамға жат өмір салтын ұстанатындар бұл кәсіппен жиі айналысады», – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ол полиция қызметкерлерімен күн сайын нақты рейдтер жүргізілетінін атап өтті.

Айта кетейік, құқық бұзушылар арасында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жиі кездеседі. Сот шешімімен олар елден шығарылады.

Серіктес жаңалықтары