Қытай шағын қалаларда зәулім ғимараттар салуға тыйым салады
Мұндай шешім "бос жобалармен" күрес аясында және энергия тұтынуды азайту мақсатында қабылданды
The Guardian басылымының хабарлауынша, қазір биіктігі 150 метрден асатын биікғимараттардың құрылысы қатаң шектеледі, ал 3 миллионнан аз халқы бар қалаларда 250 метрден жоғары құрылыстарды салуға толығымен тыйым салынады. 3 миллионнан астам халқы бар қалаларда биіктігі 250 метрден асатын ғимараттар саны шектеледі.
Қытай билігі ғимараттардың рұқсат етілген биіктігін бірінші рет шектеп отырған жоқ. 2021 жылдың шілдесінде ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті биіктігі 500 метрден асатын зәулім ғимараттардың құрылысына тыйым салды. Сондай-ақ, комиссияда 100 метрден асатын ғимараттар қала ауқымына және өрт қауіпсіздігіне қатаң сәйкес келуі керек деп шешті.