29 қазанға арналған ауа райы болжамы
Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады
Синоптиктер жұма, яғни 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысым аумағымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін күшейеді, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Ақмола облысының шығысында, солтүстігінле жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ болады.
Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с соғады, таңертең және күндіз тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман түседі.