28.10.2021, 12:28
Жаңалықтар
WhatsApp мессенджері ескі смартфондардан өшіріледі
Мессенджерді әлемде 2 млрд адам қолданады
Әлемде кең қолданысқа ие болған WhatsApp мессенджері ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болды деп жазады Metro.
Бұл өзгеріс биыл 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Мессенджер Android 4.1 және iOS 10 операциялық жүйелерімен қамтылған барлығы 43 түрлі смартфонда өшіріледі. Атап айтқанда, 2011 жылы шыққан iPhone 4S және одан ескі модельдерде, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 модельдерінде WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді.
Басылымның жазуынша, мессенджер бір сәтте өшіп қалмайды, тек оны жаңарту мүмкін болмайды. Арада біраз уақыт өткенде WhatsApp мүлдем істен шығады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
