Шымкентте шетелдік нөмірі бар 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Тоғыз күнде жол тәртібін 5992 жүргізуші бұзды

Шымкентте шетелдік нөмірі бар 400-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында 12 қазаннан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында жүргізушілердің, оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің жүргізу тәртібін реттеу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету болып саналады.

Жедел-профилактикалық іс-шараның тоғызыншы күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 5992 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде шетелдік мемлекеттік белгілері бар көлік жүргізушілермен жасалған 396 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 40 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 24, техникалық байқаудан өтпеген – 27, ұялы телефон пайдаланған – 12, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 12 азаматқа хаттама толтырылды.

Қозғалыста жаяу жүргіншіге жол бермеген – 4, қауіпсіздік белдігін тақпау – 26, апатты жағдай туындатқан – 2, көлік құралын мас күйде басқарған – 2, тиісті құжатсыз басқарған – 19​, жол бетін ластаған – 47​ жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 191 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.