$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2021, 22:12
Жаңалықтар

2040 жылы Африкадағы мұздықтардың барлығы жойылып кетуі мүмкін

Бұл – дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы

2040 жылы Африкадағы мұздықтардың барлығы жойылып кетуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Климаттың өзгергенін соңғы кезде жиілеп кеткен орман өрті мен су тасқыны сияқты табиғат апаттарынан байқауға болады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Африкада 3 тау массиві бар. Олар Килиманджаро, Кения мен Рувензориде орналасқан. Жаһандық жылыну салдарынан олардағы мұздықтардың тез еруі  байқалып отыр. Бұл құрлықтағы азық-түлік тапшылығы мәселесін одан әрі ушықтыратыны түсінікті. Сөйтіп 2030 жылға қарай 118 миллион адам құрғақшылық пен аптап ыстықтың зардабын тартуы әбден мүмкін.

Мамандар былтыр осы климаттың өзгеруі салдарынан мұнда ауа температурасы мен теңіз деңгейі артып, су тасқыны, лай көшкіні мен қуаңшылық секілді табиғат апаттары жиілей түскенін айтады. Соның кесірінен жердің құнарлылығы азайып, Африкада тұратын 1 миллиард 200 миллион адамның 700 миллионы, яғни жартысынан астамы басқа жерге бас сауғалауы мүмкін деген болжам бар. Соның салдарынан қазір онсыз да өршіп тұрған мигранттар мәселесі одан бетер ушығып кетері сөзсіз. Былтыр әлемде тіркелген босқындардың 12 пайызы - қара құрлықтың азаматтары.     

Серіктес жаңалықтары