Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы «конституцияға қарсы күреске» 15 млн бөлмек
Аталған тендер қыркүйек айының 16-сы күні жарияланып, 6 қазанда аяқталған
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы өткізетін тендердің атауын қате жазған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мемлекеттік сатып алу порталында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында өтуі тиіс тердердің атауы – «Қоғамда конституцияға қарсы ойлауды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» деп жазылған.
Хабарландырудың негізгі атауынан «конституцияға қарсы» емес, «жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» деп жазылуы керек екенін көруге болады. Атауы қате жазылған тендердің құны − 15 млн.
Аталған тендер қыркүйек айының 16-сы күні жарияланып, 6 қазанда аяқталған.
«Қоғамда конституцияға қарсы ойлауды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге» 5 ұйым өтініш беріпті. Бірақ қандай себеппен екені белгісіз, «сатып алу» өтпеген.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан