Елордада сұйытылған газ тапшылығын жою үшін қосымша 2300 тонна өнім жеткізілді
Қалада газбен жүретін автокөліктердің саны күрт артқан
Астанада көпқабатты 10 тұрғын үйде ыстық сумен жабдықтау және жылу беру кезінде проблемалар туындаған. Мұның басты себебін Энергетика министрлігі сұйытылған газ тапшылығынан деп отыр. Осыған байланысты министрлік елордаға қосымша 2300 тонна газ жеткізілетінін мәлімдеді.
ҚР Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органмен, сондай-ақ өндіруші зауыттармен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жылу беру маусымының ерте басталуына байланысты елорда үшін газды басымдықпен жөнелту мүмкіндігін пысықтады.
Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС-мен қалаға қосымша 2300 тонна газ бөлу туралы келіссөздер жүргізілді.
Бірінші кезекте отын газ тарату қондырғылары мен қазандықтарға, содан кейін ғана автожанармай құю станцияларына жеткізілетін болады.
Соңғы екі жылда көгілдір отынға ауыстырылған автомобильдер саны артқанын атап өткен маңызды (2019 жылғы 139 мың бірліктен 2021 жылы 313 мың автомобильге дейін).
Айта кетейік, жағдайға «Теңізшевройл» ЖШС, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС зауыттарында күрделі жөндеу жүргізілді, соның салдарынан Қазақстанда сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 25%-ға төмендеді.