$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2021, 07:41
Жаңалықтар

Хакерлер Iphone 13-ті бір секундта бұзды

IPhone 13-ті бұзу Tianfu Cup 2021 іс-шарасы аясында жүзеге асты

Хакерлер Iphone 13-ті бір секундта бұзды
Фото ашық дереккөзден

Pangu Lab хакерлері жаңа Apple смартфонын алғаш рет қашықтан бұзды. Бұл туралы қытайлық MyDrivers басылымы хабарлады.

Байқау кезінде қатысушылар iOS 15-ті бақылауға алып, смартфон галереясынан белгілі бір фотосуретті жоюы керек еді. Журналистер бүкіл бұзу процесі бір секундқа созылғанын атап өтті.

Бұл – iPhone 13 сериялы құрылғыны бұзудың әлемдегі алғашқы сәтті әрекеті. Pangu Lab тобының мүшелері iOS 15 ядросында және Safari браузерінде осалдық жүйесіне ену арқылы жүзеге асырды. Apple-дің ОЖ-ны бұзу фактісі смартфондардағы джейлбрейктің тез шығуына нұсқайды.

IPhone 12 сериялы смартфондарға арналған алғашқы джейлбрейк 2021 жылдың наурыз айында шығарылды. Бұл джейлбрейктің алдыңғыдан басты айырмашылығы оны iPhone 6s-тан бастап iPhone 12-ге дейінгі соңғы жылдардағы барлық Apple смартфондарына орнату мүмкіндігінде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#iPhone #хакерлер