$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2021, 21:50
Жаңалықтар

Биыл 300 мыңнан астам қазақстандық карантинге қарамастан шет елде демалған

 Мұндай көрсеткіш тіпті пандемияға дейін болмады дейді мамандар

Биыл 300 мыңнан астам қазақстандық карантинге қарамастан шет елде демалған
Фото ашық дереккөзден

Былтыр сыртқы туризм   күрт төмендеп кеткен еді. Бірақ биыл кей елдерге шекара ашылған соң, өзге жаққа демалысқа баратындар  көбейген, деп хабарлайды Астана арнасы.   

Әсіресе, Туркия, Мысыр және Біріккен Араб әмірлігіне сұраныс жоғары дейді мамандар.    

"2020 жылдың 9 айының қорытындысын қарасақ, тек қана 64 мыңнан астам турист шет елге демалуға шыққан. Ал енді 2021  жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, туристердің саны 320 мыңға жетті», - дейді «Туристік қамқор» КҚ директоры Асылхан Есілов.

Мамандардың айтуынша,ел ішінде қыдыратындар да көбейген.  Биыл туристер   70 пайызға артты дейді.  Туристердің көбі Алматы, Шымкент, Жамбыл  және Сарыағашта орналасқан курорттық нысандарға жиі барады.  Түркістанға сапарлап жатқандар тіпті көп. Осының арқасында мемлекеттік қорға 45 млрд теңгеге  жуық қаражат түскен. Ал курорттық аймақтарда 59 жаңа нысан салынған.

2019 жылы 70 -тен аса мемлекеттен елімізге визасыз кіру мәселесі жоспарланған еді. Карантин салдарынан бұл жұмыс тоқтап қалды. Мамандардың айтуынша,  биыл үкімет  30 елдің азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат  бермек.

Серіктес жаңалықтары