$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2021, 12:10
Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды

Мұндай шешім атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды», - делінген хабарламада.

Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте ҚР Ауыр атлетика федерациясы ауыр атлетші Альберт Линдер қайтыс болғанын хабарлаған. Ол суицид жасаған. Аталған факті бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі ішкі тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары