16.10.2021, 14:07
Жаңалықтар
Австралия полициясы ел тарихындағы есірткінің ең ірі партиясын тәркіледі
Салмағы 450 келіге жететін заңсыз жүк қыш плита тиелген контейнерден табылған
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады. Арнаның хабарлауынша, мұндай тауар Мельбрун айлағына бара жатқан. Билік тәркіленген героин құнын 140 миллион доллар деп бағалады. Осы қылмыс бойынша Малайзия азаматы қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін.
«Алдын ала ақпарат бойынша, бұл есірткі Малайзия жақтан келуі мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. Австралияға есірткі тасымалдау көп ақша әкеледі. Сондықтан халықаралық қылмыстық топтар белсенді жұмыс істеу үшін барын салады», – дейді Австралияның федеральды полиция комиссары Крисси Баррет.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді