Түркияда қазақ студенттері жастар ұйымын құрды
Мақсат – Түркиядағы қазақ жастарымен жан-жақты байланыс орнату
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын Түркияда кең ауқымда атап өту басталды. Егеменді елдің ерекшеліктері, қазақ ұлтының рухани қазынасы насихатталады. Осы мақсатта әртүрлі шараларды ұйымдастыру жыл соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілетін шараларға шетелдік делегациялардан бөлек Түркияда тұрып жатқан қазақ жастарын түгелдей жұмылдыру жоспарланған. Түркиядағы Қазақстанның Елшілігі мен ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтпек. Консулдық Түркияға Қазақстаннан білім алуға келген студенттерді жинап, мәдени шараларды бастап кетті. Ыстанбұл, Бұрса мен Сакария қалаларындағы студенттердің қатысуымен «Бірлік» жастар ұйымын құрылды.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Түркияда кең ауқымда өтеді. Алғашқы жиын Бас консул Әлім Бәйел және Бас консулдық дипломаттарының қатысуымен өтті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған жиында қазақ жастары Ыстанбұлда ән шырқап, ұлттық ойындарды көрсетті. Шара барысында «Бірлік» жастар ұйымы құрылды. Мақсат – Түркиядағы қазақ жастарымен жан-жақты байланыс орнату.
Қазақстан Елшілігі, ҚР Ыстанбұл Бас консулдығы және ҚР Анталья консулдығы пандемиядан кейін Түркияға қайта оқуға келген жастармен бірлесе отырып, түрлі жоба мен бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отыр», - делінген Түркиядағы Қазақстан елшілігінің таратқан хабарламасында.
Бұған дейін Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның презентациясы өткен еді. Сонымен қатар қазақтың даңқты спортшысы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақта ашылды.