$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2021, 00:55
Жаңалықтар

Ұйықтап қалған павлодарлық тұрғын айыппұл төледі

Биыл өңірде 1176 жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Ұйықтап қалған павлодарлық тұрғын айыппұл төледі
gazeta.uz

Қатар тұрған екі үйдің ортасына автокөлігін қойып, өзге автокөліктердің жүрісіне кедергі келтірген тұрғынға көршілері наразылық білдірген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше яғни 13 қазан күні таңғы сағат 7.30-да «102» мобильді қосымшасының бейне байланысына Павлодар қаласының тұрғыны шағым түсірген. Ол Қайырбаев көшесіндегі екі үйдің арасындағы жолдың үстінде сұр түсті «Тойота» тұрғанын хабарлаған. 

«Ер адам осы көліктің кесірінен үйдің тұрғындары тұрақтан шыға алмай, жұмысқа кешігіп бара жатқанын жеткізді. Тіпті, тұрғын «102» операторына  көліктің қалай тұрғанын бейнебайланыс арқылы көрсеткен», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Көп кешікпей аталған жерге келген полицейлер автокөліктің иесін анықтап, ережелерді сақтау және жол қозғалысының барлық қатысушылары мен өз ауласының тұрғындарына құрметпен қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, оған ҚР ӘҚБК 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Енді ол бес АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. 

«Тойота» иесі ерте шығып, көлікті жолдан шығармақ болғанын, алайда ұйықтап қалғанын айтқан. 

Айта кетелік, биыл өңірде 1176 жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

 
Серіктес жаңалықтары