Қазақстанда алтын қоры көбейіп келеді
Қазақстанның алтын қоры 392 тоннадан асты
Дүниежүзілік кеңестің деректеріне сәйкес, бағалы металдың көлемі 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 392,7 тоннаны құрады. Бір ай бұрын олар 387,4 тонна болған, деп хабарлайды LS.
Қазақстан қорлары бойынша 13-орында (ХВҚ мен ЕОБ-ты есепке алмағанда). Қазір Түркия (414,5 тонна) мен Португалия (382,6 тонна) арасында тұрақтап тұр.
Сонымен қатар Ресейде бағалы металл көлемі шамамен 2,3 мың тоннаны, Қытайда 1,9 мың тоннаны құрады. Қорлар бойынша көшбасшы орынды АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна алады.
Осы уақытта Comex биржасында 13 қазанда алтын сауда-саттығы троя унциясы үшін 1794,7 доллар күйінде жабылды. LBMA-да қымбат металл 1785,7 долларға сатылды. Ұлттық Банктің сайтында 1 грамм бағалы металл 24,2 мың теңгеге бағаланады.