ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Павлодарда көмір өндіретін ұйымға 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Тарифтік сметада көзделген мөлшер орындалмаған

Фото: ашық дереккөзден

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес осы саладағы субъекті бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қараған. Нәтижесінде тарифтік сметада көзделген 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергені анықталған.

Департамент 2021 жылғы 1 қазанда «Богатырь Көмір» ЖШС-ге қатысты тиісті бұйрық шығарған, оған сәйкес тарифтер:

- 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында тариф 10,62 теңге/вагон-км-ден 10,55 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (0,7%);

- 2022 жылғы 1 ақпан – 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагон-км-ден 10,92 теңге/вагоно-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.

Жол берілген бұзушылық үшін «Богатырь Көмір» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.