$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2019, 12:00
Жаңалықтар

Қазақстандағы ресейлік және қытай компанияларының қатары көбейген

Шетелдік заңды тұлғалар бойынша Үндістан, Беларусь, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан елдерінің де үлесі артқан

Қазақстандағы ресейлік және қытай компанияларының қатары көбейген
Фото: astanatimes.com

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың саны соңғы бір жыл ішінде 14% көбейген. Шетелдік компаниялардың саны бойынша ресейліктердің үлесі жоғары екен. Мұндай деректерді LS сайты жариялады.

2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстандағы ресейлік компаниялардың саны 7 мыңнан асқан, сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% өскен.

Ресейден кейінгі орында Түркия (1,9 мың), Қытай (1,1 мың), Өзбекстан (1,1 мың) және Қырғызстан (928) елдері тұр. Одан бөлек, Әзербайжан, Корея республикасы, Үндістан, Беларусь, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан елдерінің де үлесі артқан.

Ал, Украина, Нидерланд, Швейцария елдерінің Қазақстандағы компанияларының саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда анағұрлым азайған.

Серіктес жаңалықтары