$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2019, 11:01
Жаңалықтар

Bek Air басшылығы ұяты болса, халықтың алдына шығар еді - Р.Скляр

Bek Air басшылығымен қазір азаматтық авиация комитеті жұмыс істеп жатыр

Bek Air басшылығы ұяты болса, халықтың алдына шығар еді - Р.Скляр

Бүгін Үкімет отырысында ҚР  Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр BekAir ұшағының апатына байланысты сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, 10 қаңтарға дейін тергеудің алдын ала нәтижелері шығады.

«Мемлекетаралық авиация комитеті өкілдері Алматыға келеді. Олар тәуелсіз, объективті баға береді. Егер «қара жәшік» бүлінбеген болса, оны  ұзаққа созбай жариялауға  болады. Бұл жерде не техникалық қателік, не болмаса экипаждың қателігі. Осы екеуінің бірі. Ал ауа райы қолайлы болған», - деді ол.

Тілшілер қазір БАҚ-қа шықпай жатқан Bekair компаниясы басшыларының қайда екенін де сұрады. Бұған байланысты Р.Скляр ешкім жазасыз қалмайды деді.

«Bek Air басшылығымен қазір азаматтық авиация комитеті жұмыс істеп жатыр. Ал олардың бұқаралық ақпарат құралдарына шықпауы- мүлдем дұрыс емес. Олар өз жолаушыларына, қайтыс болғандар отбасына қандай қолдау көрсететініндерін түсіндірулері керек. Егер титтей де ұяттары болса, өтемақыны  да төлейді. Зардап шеккендермен сөйлеспесе, ол да солардың ар-ұятына қалдырайық. Тергеу кезінде барлық факт ескеріледі. Ешкім жазасыз қалмайды», - деді.

Вице-премьер Bek Air кезінде халықаралық сертификаттан бас тартуға тырысқанын да айтады.

«ISI9000 арқылы біздің өндіріс өнеркәсібі орындары өтеді. Кәсіпорындар ол сертификатсыз да жұмыс істей алады. Бірақ бәсекеде, әсіресе экспортқа тауар шығарғанда басымдықтарын жоғалтады. IOSA сертификатын халықаралық рейстер орындайтын барлық компаниялар алды. Ішкі рейстерге де ол керек. 2016 жылы кей депутаттар, кей журналистер аталған сертификат керек емес деген тарапты қолдап шықты. Bek air компаниясы түрлі лоббистердің араласуымен осы жылдарға дейін халықаралық рейстер орындау үшін IOSA сертификатын алып тастауға әрекет жасады. Бірақ министрлік олардың айтқанына көнген жоқ», - деді Р.Скляр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары