$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2021, 13:42
Жаңалықтар

Елімізде жануарды өлтірген адамға 583 400 теңге айыппұл салынуы мүмкін

Қайталанған жағдайда бір жылға бас бостандығынан айырылады

Елімізде жануарды өлтірген адамға 583 400 теңге айыппұл салынуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» брифинг өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Соңғы кездері жануарларға қатыгездіктің жиі кездесетін фактілері қоғам мен үкіметтің алаңдаушылығын арттырды. Экология вице-министрі Әлия Шалабекова жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу ұсынылғанын айтты.

«Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру бойынша құзырет беріледі», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, брифинг барысында жануарларға қастандық жасаған азаматтарға қатысты қандай шара қолданылатындығы да сөз болды.

«Жануардың өмірі, денсаулығы және жағдайы үшін иесінің жеке жауапкершілігі, оның ішінде әкімшілік (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін) және қылмыстық жауаптылық (жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде-1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды) көзделген», - деді Әлия Шалабекова.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары