$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Шығыста ауа температурасы -3-11 аязға дейін төмендейді

Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ru.best-wallpaper.net

Қазақстанда 5-7 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамы жария етілді, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады. Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады. Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады, - делінген хабарламада.

6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта -5-10 аязға дейін, шығыста - 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.

Серіктес жаңалықтары