«Интерпол тізімінде жоқ». Депутат LRT ісі бойынша іздеу жарияланған басты фигуранттарға қатысты сауал жолдады

Депутат Бас прокуратурадан Интерполға тапсырыс қашан және қалай берілгенін түсіндірудің талап етті

Коллаж: Azattyq Rýhy

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Раманқұлов LRT ісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланған негізгі фигуранттар – қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» компаниясының экс-басшысы Талғат Арданға қатысты Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады.

Оқи отырыңыз: Ешқайсы кінәсін мойындаған жоқ: Астана LRT ісі бойынша жеті адамға сот үкімі шықты

Тамыз айында кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Қанат Сұлтанбеков мен Талғат Ардан Интерпол тізімінде жоқ» деген мәлімет тарады. Дупататтың пікірінше, оны ешкім жоққа шығармаған.

«Олардың (Сұлтанбеков пен Ардан) отбасы мүшелері Нью-Йоркте бейқам әрі молшылықта өмір сүріп жатқанын көрсетіп, жиі жазба жариялап тұрған. Ал, қылмыстық жауапкершіліке тартылған адамдарды ешкім іздеп жатқан жоқ. Олар елден ұрлаған миллиардтаған ақшаны емін-еркін жұмсай алады. Демек сол ақшаны қайтару мәселесі де кейінге қалып отыр», - деді депутат.

Депутат Бас прокуратурадан Интерполға тапсырыс қашан және қалай берілгенін, сондай-ақ іздеу салынған шенеуніктердің не себепті халықаралық ұйымның тізімінен әлі күнге дейін шықпай жатқанын түсіндіріп беруді талап етті.

«Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны сол елдің өзі тәркілеп алуы да мүмкін. Ал оның бәрі шенеуніктердің меншігі емес, бұл – Қазақстан халқының ақшасы», - деп атап өтті депутат.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.