28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сенбіде ел аумағының кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктердің болжауынша сенбіде ел аумағының кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон ықпал етеді, соған байланысты батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлеріңде қар, жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болмақ, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді, солтүстікте - бұрқасын.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, жаяу бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, түнде және күндіз жел күшейеді - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел күшейіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде күшті жел тұрады - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ. Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ.
Қарағанды облысында күндіз көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау облысында көктайғақ болады.