28.09.2021, 14:17
Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Арман Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етеді
Арман Өтеғұлов, фото: gov.kz
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 54 жастағы Арман Кәрімұлы Өтеғұлов тағайындалды.
Арман Өтеғұлов – 1964 жылы туған. Білімі - жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
- Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі;
- Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
- 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.
Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты