$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 19:45
Жаңалықтар

«Air Astana» ұшақ апатынан зардап шеккендердің жақын туыстарын бір күн тегін тасиды

«Air Astana» әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер ашады

«Air Astana» ұшақ апатынан зардап шеккендердің жақын туыстарын бір күн тегін тасиды
Фото: routesonline.com

Бұл туралы ақпаратты «Air Astana» АҚ корпоративтік коммуникация департаменті хабарлады. 

«Air Astana» компаниясы 2019 жылдың 28 желтоқсанында Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізеді. Нұр-Сұлтаннан ұшатын рейстердің уақыты таңғы сағат 05:00 және 10:00-де, ал Алматыдан ұшатын рейстердің уақыты таңғы сағат 07.15 және 7.45-те. Bek Air әуе компаниясы ұшағы апатынан зардап шеккендердің жақын туыстары тегін ұша алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Air Astana жаңажылдық мереке кезінде және демалыс күндері Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Ақтөбеге, Ақтауға және Атырауға қатынайтын қосымша рейстер ашпақ.

«Жолаушыларға ең тиімді бағадағы билеттерді алу airastana.com және flyarystan.com, сондай-ақ аккредиттелген қазақстандық агенттіктерден брондау арқылы алу ұсынылады. Басқа интернет-ресурстарда билет құны өзгеше болуы мүмкін», - дейді хабарламада.

Серіктес жаңалықтары