24.09.2021, 09:56
Жаңалықтар
Аса ауылында вакциналау паспортын 15 мың теңгеге сатқандар анықталды
Бұл қылмысқа қатысы барлар анықталып жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігіне Жамбыл облысына қарасты Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакциналау паспортын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті.
Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада вакциналау паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.
Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
