$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2021, 17:21
Жаңалықтар

QazVac вакцинасы «дельта» штамынан қорғайды - ғалым

Зерттеу хомяктарға жүргізілген

QazVac вакцинасы «дельта» штамынан қорғайды - ғалым
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасы «дельта» штаммынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижелерді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясы бойынша тест өткізіп, нәтижесінде отандық QazVac вакцинасын салдырғандарда антиденелердің жоғары деңгейі байқалған.

Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды.

Одан бөлек, зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргізілді. QazVac вакцинациясынан кейін хомяктарда пайда болған антиденелер коронавирустың «үнді штамын» бейтараптандыруға қабілетті екені анықталды.

«Біз QazVac вакцинасы құрған антиденелердің «ухань», «британдық альфа», «үнділік дельта» сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де бейтараптандыруға қабілетті екенін көрсетті. Сондай-ақ QazVac вакцинасын алған және вакцинацияланбаған зертханалық хомяктарды алдық. Біраз уақыттан кейін оларға дельта штаммын жұқтырдық. Нәтижесінде вакцинацияланбаған хомяктар коронавирустың дельта штамын жұқтырды. Ал QazVac вакцинасы салынған жануарлар ауырмай, «дельта» штамынан қорғалған болып шықты», – деп атап өтті ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген.

Серіктес жаңалықтары