23.09.2021, 08:32
Жаңалықтар
Коронавирус пен пневмониядан тағы 62 адам қайтыс болды
Қазір ауруханада жатқан 239 пациенттің жағдайы өте ауыр
Фото: ашық дереккөзден
21 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 62 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Оның 53-і КВИ инфекциясынан, 9-ы пневмониядан қайтыс болған.
23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан (–57 473 + және 8 742 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 962 адамның жағдайы ауыр,
- 239 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
